Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі

19 желтоқсан №60 МЛ базасында ПҚО әдіскерлерінің ұйымдастыруымен «Сарыарқа» ауданының жалпы білім беретін мектеп директорларына «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында кезекті оқыту семинары өтті. Семинарға барлығы 32 мектеп директоры қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелерінде мектеп басшыларының кәсіби құзыреттілігін арттыру және бірыңғай іс-әрекет алгоритмін қалыптастыру болды.

Қатысушыларға балаларға көмек көрсету алгоритмінің құрылымы таныстырылып, жағдайды бағалау, тиісті мамандарға бағыттау және қызметтер арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті ұйымдастырудың практикалық тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар жағдайларды құжаттандыру және балаларды психологиялық сүйемелдеу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Семинар барысында №170 бұйрықтың талаптары, қауіп тобына жататын балаларды психологиялық сүйемелдеу мәселелері, психологиялық қызмет пен мектеп әкімшілігінің өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерімен бірлескен жұмыс бағыттары жан-жақты қарастырылды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *