2024 жылдың 26-шы желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің ПҚО ұйымдастыруымен «Балалардың құқықтарын қорғау ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамыту болашағы аясында» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Д. Амангелдіқызы дөңгелек үстел модераторы болды. Астана қаласының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі А.Т. Бимендина, «Өркен» Балалардың әл-ауқатын арттыру ҰҒП институтының КЕАҚ басшысы Е.Н. Имангалиев, сондай-ақ «Әкелер Одағы» РҚБ төрағасының орынбасары Б.Н. Кузембай спикерлер ретінде сөз сөйледі. Дөңгелек үстел барысында ПҚО басшысы Г.Қ. Қапанова Орталықтың жетістіктерін атап өтті.
Қатысушылар 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың 1, 2 және 3-тармақтарын орындау аясында білім беру ұйымдарының психологиялық қызметін дамыту және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелерін талқылады. Аталмыш іс-шара балалардың құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру мәселелерін талқылауға арналған алаңға айналды.

