18 қыркүйек күні «Психологиялық қолдау орталығы» базасында Астана қаласының Білім басқармасы мен ПҚО бірлесіп, «Балалардың психологиялық денсаулығы: жалпы жауапкершілік» тақырыбында диалогтық кездесу өткізді.
Іс-шараға білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау, әлеуметтік қорғау салаларының мамандары, сондай-ақ «Қазақстан балалары» жобалық кеңсесінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен елорданың білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.
Кездесуді Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Адылбаев С.Т. ашып, ол өз сөзінде балаларға қатысты мәселелерді шешуде ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен ресурстарды біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Орталық басшысы Г.К. Капанова ПҚО-ның негізгі қызмет бағыттары туралы айтып, 2024-2025 оқу жылындағы жұмыс қорытындыларын ұсынды. Сонымен қатар, балалар психологиясы саласындағы практикалық нәтижелер мен қазіргі таңдағы өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
«Қазақстан балалары» жобасының презентациясын экономика ғылымдарының кандидаты, сарапшы, Ulttyq Ustaz Online Academy және UBES High School негізін қалаушы, жобалық кеңсенің жетекшісі Г.А. Курганбаева өткізді. Өз сөзінде сарапшы Қазақстандағы балалардың әлеуетін жан-жақты қолдау мен дамытуға бағытталған жобаның негізгі бағыттарына тоқталды. Презентациядан кейін қатысушылар жоба аясында балаларға берілетін мүмкіндіктерді және ҚР балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты маңызды мәселелерді талқылады.

