2025 жылғы 15 тамызда Астана қаласындағы «AU HUB» коворкинг орталығында «Балалар арасындағы лудоманияның алдын алу және онымен күрес» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға «Психологиялық қолдау орталығының», Нұра ауданы бойынша әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Л. С. Еспаева қатысты. Сонымен қатар психология, білім беру, кәмелетке толмағандар істері саласының мамандары, ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.
Семинар барысында балалардағы ойынға тәуелділіктің себептері мен түрлері, сондай-ақ бұл мәселенің алдын алудағы халықаралық және қазақстандық тәжірибе талқыланды. Ата-аналар мен педагогтерге арналған практикалық ұсыныстар берілді. Барлық қатысушыларға әдістемелік материалдары бар ақпараттық брошюралар таратылды.

