19 қаңтарда №52 МГ базасында ата-аналар жиналысы өтті, оған 300 ата-ана қатысты. Іс-шара барысында Білім басқармасының мамандары, «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары және құқық қорғау органдарының өкілдері спикер ретінде сөз сөйледі.
ПҚО психологы ата-аналар тұрғысынан балаларға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы айтып, жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар ата-аналарға ПҚО психологтарынан тегін консультативтік көмек алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.

