Астанада психологтардың II Халықаралық форумы

2025 жылдың 3-4 маусым аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Балалардың қабілеттерін диагностикалау мен дамытудың заманауи технологиялары: тәжірибе, проблемалар мен перспективалар» атты психологтардың II Халықаралық форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «El Umiti» қайырымдылық қоры ұйымдастырды.

Форум 300-ден астам қатысушыны біріктірді: педагог-психологтар, мемлекеттік құрылымдар, халықаралық ұйымдар, ҮЕҰ өкілдері.

Спикерлер ретінде психология саласында жұмыс істейтін Испания, Италия, Өзбекстан ғалымдары шақырылды.

Пленарлық сессиялар, бес мамандандырылған секциялар, мастер-кластар және crunch-сессиялар шеңберінде қатысушылар диагностиканың, инклюзияның, кәсіптік бағдарлаудың, буллингтің алдын алудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ балалардың әлеуетін дамытудағы отбасының рөлін талқылады. Спикерлер арасында Қазақстан, Еуропа және Азия сарапшылары болды. «Психологиялық қолдау орталығы» атынан: ПҚО басшысы Г.Қ. Қапанова мектеп буллингінің және суицидтің алдын алу секциясында сөз сөйледі, ал Орталық басшысының орынбасары А.С. Баранбаева «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» бағдарламасын ұсынды.

Форум тәжірибе алмасу және балалар психологиясы мен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформаға айналды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *