5 желтоқсан күні «Әрекет алаңы» жобасы ПҚО жұмысымен танысудан басталып, Достық үйінде «дөңгелек үстел» форматында жалғасты.
Қала деңгейіндегі кеңейтілген отырысқа «Психологиялық қолдау орталығы» атынан орталық басшысы Г. Қ. Қапанова және орынбасары А. З. Салихова қатысты.
Шара барысында Ассамблеяның Аналар кеңесімен бірлескен бастамалар талқыланып, алдағы уақытқа арналған бірқатар жобалар пысықталды. Қатысушылар ортақ іс-қимыл тетіктерін қарастырып, қалалық деңгейде әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Кеңес жұмысы аясында қоғамдағы өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар баяндамалар тыңдалды. Жиында ана тәрбиесінің мәдениеті, жастар арасындағы зиянды әрекеттердің алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен сөз болды.
Кездесу соңында Аналар кеңесімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту және ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асыруға дайындық білдірілді.

