Әлеуметтік жұмыс жөніндегі әдіскер

Бос жұмыс орны: Әлеуметтік жұмыс жөніндегі әдіскер

Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әлеуметтік жұмыс жөніндегі әдіскер лауазымына қабылдау жариялайды.

Қабылдау шарттары

• Жұмысқа орналастыру: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес.

• Жұмыспен қамту түрі: тұрақты жұмыс.

• Кесте: толық жұмыс күні.

• Жұмыс орны: Астана қаласы, Есіл ауданы, Достық көшесі, 13 үй, «Нұрсая-2» ТК.

• Еңбекақы: 140 000 теңгеден бастап (штат кестесіне сәйкес).

• Штат бірліктерінің саны: 11.

• Еңбек жағдайлары: қалыпты.

• Тағылымдама: көзделмеген.

Негізгі міндеттер

• қиын өмірлік жағдайда балалармен және отбасылармен жұмыс жөніндегі орталық мамандарының қызметін ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу;

• әлеуметтік жұмыс және психологиялық сүйемелдеу бойынша әдістемелік материалдарды, ұсынымдар мен нұсқаулықтарды әзірлеу;

• кәмелетке толмағандарда буллингтің, зорлық-зомбылықтың, суицидтік және дағдарыстық мінез-құлықтың алдын алу жөніндегі қызметті үйлестіру;

• талдамалық және әдістемелік есептерді, бала мен отбасының өмір сүру жағдайларын зерттеу актілерін дайындау;

• мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл (қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар, білім басқармалары және т.б.);

• балаларды әлеуметтік қорғау және психологиялық қолдаудың өзекті мәселелері бойынша педагогтар, ата-аналар мен мамандар үшін семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу;

• тәуекел тобындағы балалармен жұмыс істеуде білім беру ұйымдарының педагогтары мен мамандарына әдістемелік көмек көрсету;

• балалар мен отбасылардың психологиялық әл-ауқатын нығайтуға бағытталған Орталықтың жобаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

• ведомствоаралық өзара іс-қимылға қатысу және ҮЕҰ-мен және әлеуметтік қызметтермен әріптестік қатынастар құру.

Кандидатқа қойылатын талаптар

• жоғары педагогикалық немесе психологиялық білім (міндетті түрде бакалавриаттың болуы; психология немесе әлеуметтік жұмыс бойынша магистратура құпталады);

• білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл (мүмкіндігінше мектепте) немесе әдіскер лауазымында 2-3 жыл;

• әлеуметтік қызметтерде немесе қорғаншылық органдарында жұмыс тәжірибесі міндетті;

• балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық базаны білу;

• әдістемелік материалдарды, есептерді, қорытындыларды дайындау дағдылары;

• психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру;

• қазақ және орыс тілдерін білу (жоғары деңгей);

• біліктілік санаты («педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші») және/немесе педагогтің қолданыстағы сертификаты құпталады;

• жеке қасиеттері: жауапкершілік, стресске төзімділік, командада және даулы жағдайлармен жұмыс істей білу, қарым-қатынас жасау қабілеті, мұқияттылық.

Құжаттар тізбесі

Конкурсқа қатысу үшін кандидат:

1. нысан бойынша өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжат (немесе электрондық құжат);

3. білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

4. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

5. 075-нысан бойынша медициналық анықтама;

6. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

7. наркологиялық ұйымнан анықтама;

8. қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы сертификат немесе куәлік (бар болса).

Қосымша шарттар

• Үміткерлер зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қабылданады (55 жастан аспайды).

• Ұсынымдық хаттар мен кәсіби қызметтегі жетістіктер қаралады.

Контактісі

Борисов Яков Александрович

📞 +7 (747) 731-75-32

📧 zrjd1220@mail.ru

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *