24 қазан күні «ДосболLIKE» бағдарламасы аясында және қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ПҚО №87 МГ базасында «Абай және психология» тақырыбында қалалық семинар өткізді. Іс-шараға 48 педагог-психолог қатысты.
Семинар барысында қатысушылар ақын шығармаларының терең психологиялық мазмұнын және оның шығармашылығында көрініс тапқан адам жанының ерекшеліктерін талқылады. Қатысушылар жеке тұлғаны дамытудың маңыздылығын және адамның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлін атап өтті. Педагог-психологтар өз тәжірибелерімен бөлісіп, қазіргі заманғы психология тұрғысынан Абайдың «Кемел адам» туралы ілімін қарастырды. Семинар соңында қатысушылар халқымыздың мәдени мұрасы арқылы балалар мен ата-аналар қауымына психологиялық білім беру мәселелерінде одан әрі ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға дайын екендіктерін білдірді.

