2024 жылғы 29 тамызда Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ қызметкерлері үшін елордалық білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасымен кездесу ұйымдастырылды. Әлиев Батыр Әлиұлы педагогтарға кәсіподақтың миссиясы мен кәсіподақ мүшелері үшін мүмкіндіктер туралы айтып берді. Кездесу диалог форматында өтті, педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

