2024 жылдың 22 тамызында №89 мектеп-лицейінде Informburo.kz тілшісімен кездесу-сұхбат өтті. Сұхбатқа Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ-нің әдіскер-психологы. Абрамова, О.А, аталмыш мектеп-лицейінің директоры Мухамадиева Б.М., және де алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы ұстаз Ярулин Р.Х қатысты.
Сұхбат барысында мектептегі оқушылардың психологиялық жағдайы, оны бақылау үшін бағдарламасы бар ма, әлеуметтенуде қиындықтарға тап болған оқушыларды қолдау көрсету жағдайларына мектеп қалай әрекет етеді және мектеп оқушыларының психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде психолог мамандардың, үстаздар мен мектеп әкімшілігінің рөлі қандай екені айтылды.

