Біздің орталықтың кезекті «Қауіпсіздік сабақтары» 21-ші тамыз күні №8 мектеп-лицейінің «Балақайлар мектебінің» бүлдіршіндеріне арналды.
Бүгінгі күннің балаларына ақпарат жан-жақтан көп келеді. Соның белең алғаны – интернет. Оның жақсысы да бар, жаманы да бар. Балалар түрлі әлеуметтік желілерді көп қолданатын болғандықтан біздің ПҚО психологтары дайындаған «Қауіпсіз интернет», «Қауіпсіздік әліппесі-қауіпсіз демалыс», түсіндірме-таныстыру сабақтары дөп келді. Балақайлар психолог мамандар ұйымдастырған түрлі ойындарға қатысу арқылы қауіпті жағдайларда не істеу керектігін үйренді.
Жиналған ұстаздар ПҚО психологтарына үлкен ризашылықтарын білдірді. Алдағы уақытта орталық ұйымдастыратын өзге де тақырыптағы сабақтар болса міндетті түрде қатысатындарын айтып кетті.

