Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, “Өркен” Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты” КеАҚ, 2024 жылы 20 тамыз күні «Психологиялық қолдау орталықтары: тұжырымдамасы, мазмұны, қызмет бағыттары» тақырыбында республикалық семинар өткізді.
Семинарға бүкіл Қазақстан бойынша ашылған 20 ПҚО (психологиялық қолдау орталықтарының) басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Семинарда баяндама жасағандар: Нұржан Ж.Д., ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің бас сарапшысы, Иманғалиев Е.Н., әл-ауқатын арттыру «ҰҒПИ» президенті және Балғабаева Г.К., “Өркен” Балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты” КеАҚ вице-президенті. Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» басшысы Капанова Г.К. семинарда «Психологиялық қолдау орталығының кеңес беру және дамыту қызметін ұйымдастыру» тақырыбында сөз сөйлеп, жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Гульмира Кадырбаевна өз баяндамасында елорданың Білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған кеңес беру және дамыту қызметін ұйымдастыру туралы баяндады.
Семинар барысында психологиялық қолдау орталықтары үшін өзекті мәселелердің кең ауқымы қаралды. Кездесу соңында өңірлердің Психологиялық қолдау орталығы мамандары пікір алмасып, қарастырылып отырған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.

