2024 жылғы 14 тамызында «Психологиялық қолдау орталығы» жоспарына сәйкес, бүлдіршіндер мектебінің оқушыларына арналған «Қауіпсіздік сабақтары» сериясынан квест ойындарын өткізуді жалғастырды. Іс-шараға №22 МГ 33 болашақ бірінші сынып оқушылары қатысты.
Квест барысында балалар қосымшалармен ынтамен жұмыс істеді, ситуациялық рөлдік ойындар ойнады және қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша көптеген пайдалы кеңестер алды.
Шара соңында Орталық психологтары ата-аналармен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін айтып, «Психологиялық қолдау орталығында» балалар мен ата-аналарға психолог мамандарынан тегін кеңес алу мүмкіндігі туралы әңгімеледі. Ұстаздар мен ата-аналар іс-шара туралы көптеген жағымды пікірлер қалдырды.

