2024 жылы 1-2 тамыз күндері Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» жоспарына сәйкес Білім басқармасының қолдауымен 5-6 жастағы балаларға қауіпсіз тәртіп ережелерін оқыту бойынша іс-шара өткізілді.
Орталықтың психологтары «Балақайлар мектебі» бағдарламасы бойынша №88 МЛ негізінде болашақ бірінші сынып оқушыларымен «Қауіпсіздік сабақтары» тақырыбында квест-ойындар өткізді.
Мазмұнды мультфильмдер, ойындар арқылы балалар өздерін үйде, көшеде, қоғамдық орындарда қалай ұстау керектігін, сондай-ақ от, су, электр қуатының қаншалықты қауіпті екенін және бейтаныс адамдармен қарым-қатынасқа түсудегі ережелер туралы түсінік алды. Қауіпсіздік ережелерді сақтауға байланысты балалармен «Қауіпті телефон», «Көмек сигналдары» сияқты рөлдік ситуациялық ойындар ойналды. Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата — аналарына психологтар «Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің қамқорлығы» және Психологиялық қолдау орталығында тегін психологиялық — консультациялық көмек алу мүмкіндігі туралы пайдалы ақпараттар берілді.
