2026 жылғы 8 қаңтарда «Психологиялық қолдау орталығы» базасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ПҚО мен «Q-Arts production» сапалы балалар және отбасылық медиаконтентті дамыту және ілгерілету бағытында бірлесіп жұмыс істеуге келісті. Аталған медиаконтент жасөспірімдерге психологиялық ағарту жүргізуге және ата-аналар қауымдастығына арналған.
Ынтымақтастық аясында ПҚО психологтары мен «Q-Arts production» жас актерлері жасөспірімдерге позитивті мотивацияны насихаттауға және саналы, жауапты ата-аналықты қалыптастыруға бағытталған профилактикалық бейнероликтер әзірлеуді жоспарлап отыр.

