Интервизия — педагог-психологтарды кәсіби қолдаудың бір түрі

ПҚО базасында әдістемелік бөлім әдіскерлерінің ұйымдастыруымен қалалық білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына арналған семинар өтті. 6 қаңтарда ұйымдастырылған іс-шара «Интервизия. Әріптестердің өзара кәсіби қолдауы және педагогикалық қиын жағдайларды талдау» тақырыбына арналды.

Семинар барысында педагог-психологтар кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, кездесетін қиын педагогикалық жағдайларды бірлесе талқылады. Сондай-ақ өзара қолдау көрсетуге бағытталған тиімді тәсілдер қарастырылды. Іс-шараға қала мектептері мен колледждерінен 12 педагог-психолог қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аталған семинар мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға және білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет сапасын жақсартуға оң ықпал етті.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *