24 Желтоқсанда «Психологиялық қолдау орталығы» №91 МГ бірлесіп «Болашақ психолог мектебі» жобасын іске қосты. Мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тілектесқызы және ПҚО басшысы Гүлмира Қадырбайқызы Қапанова жобаны іске асырудың бірлескен жоспарын бекітті. Жоба пилоттық режимде №91 МГ психологиялық-педагогикалық теңестіру қызметінің базасында сынақтан өтеді, жобаны іске асыруға 11 «В» сынып оқушысы Асылхан Нұрай бастамашы болды. Жоба идеясы 10-11 сынып оқушыларын жасөспірімдерге психологиялық білім беру мәселелеріне тарту. Сондай-ақ ерте психолог мамандығына кәсіптік бағдар беру.

