Мектеп басшыларына арналған психологиялық көмек алгоритмі

«Психологиялық қолдау орталығы» базасында 8 желтоқсан күні «Байқоңыр» ауданының мектеп директорларына арналған «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбындағы кезекті оқыту семинары өтті. Іс-шараға 17 мектеп директоры қатысты. Семинар балаларға психологиялық қолдау көрсету мәселелерінде басшылардың құзыреттілігін арттыруға және бірыңғай іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруға бағытталды.

Семинар барысында №170 бұйрықтың талаптары, қауіп тобына жататын балаларды сүйемелдеу мәселелері, психологиялық қызмет пен мектеп әкімшілігінің өзара әрекет ету тетіктері, сондай-ақ әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерімен бірлескен жұмыс бағыттары қарастырылды.

Қатысушыларға көмек көрсету алгоритмінің құрылымы таныстырылып, жағдайды бағалау, бағыттау және тиісті қызметтер арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға арналған практикалық тәсілдер талқыланды. Сонымен қатар жағдайларды құжаттандыру және сүйемелдеу тәртібіне ерекше назар аударылды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *