Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі бойынша «Алматы» ауданы мектеп директорлары үшін оқыту семинары

4 желтоқсанда ПҚО базасында «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында «Алматы» ауданының мектеп директорлары үшін оқыту семинары өтті. Семинарға 14 мектеп директоры қатысты. Семинар алдын-алу бойынша іс-қимылдардың бірыңғай алгоритмі шеңберінде балаларға психологиялық қолдау көрсетуде басшылардың құзыреттілігін арттыруға бағытталды.

Семинар барысында қатысушыларға көмек көрсету алгоритмінің құрылымы ұсынылды, жағдайды бағалаудың практикалық тәсілдері, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бағыты және өзара іс-қимылды ұйымдастыру көрсетілді. ӘППҚ қызметіне бірінші басшылар тарапынан бақылауға ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, ДМ мен БМ 04.07.2024 ж. №170 бірлескен бұйрығының негізгі тармақтары қаралып, ПҚО мектептермен өзара іс-қимылы және әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерімен бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *