3 желтоқсан ПҚО базасында «Сарайышық», «Нұра» және «Есіл» аудандарының мектеп директорлары үшін оқыту семинары өтті. Іс-шара Білім басқармасының тапсырмасы бойынша «Балаларға психологиялық көмек көрсету алгоритмі» тақырыбында ұйымдастырылды. Семинарға 46 жалпы білім беретін мектеп директорлары қатысты.
Астана қаласының Білім басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманы Г. Мұхамеджанқызы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі директордың міндеттеріне тоқталды, ал Орталық жетекшісі Г.К. Капанова «Білім беру ұйымдарында суицидтік мінез-құлық белгілері бар кәмелетке толмағандарды анықтау алгоритмі» 4 шілдедегі №170 бұйрықпен таныстырды.
ПҚО басшысының орынбасары А.С. Баранбаева қауіп тобына жататын балаларды сүйемелдеу тәжірибесі және психологиялық қызметтің мектеп әкімшілігімен өзара әрекеттесуі туралы тәжірибесімен бөліссе, білім беру ұйымдарының әлеуметтік сүйемелдеу бөлімдерімен бірлескен жұмысы туралы Орталық басшысының орынбасары А.З. Салихова баяндады.
Семинар мектептер мен психологиялық қызмет арасындағы ынтымақтастықты нығайту және балаларды қорғау мен қолдауды тиімділігін арттыру мақсатында алдағы уақытта өз жалғасын табады.

