Олимпиадаға жол: қолдау мен мотивация

      27 қараша күні ПҚО және білім беру ұйымдарының психологтары ҚР ауыл мектептерінің III Республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңіне қатысушы 475 оқушыға мотивациялық тренингтер өткізді.
      Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген оқушылар маңызды сынақ алдындағы толқуды жеңуге және позитивті көңіл күй қалыптастыруға бағытталған тренингтерге белсенді қатысты. Психологтар өз күшіне деген сенімді арттыруға арналған жаттығулар ұсынып, оқушылардың бірлігі мен ынтымағын нығайтатын қызықты командалық ойындар ұйымдастырды. Бұл олимпиада қатысушыларының жақынырақ танысып, командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуына мүмкіндік берді.

Тренингтен кейін оқушылар шабыттанып, бір-бірін қолдауға және олимпиадада жаңа белестерді бағындыруға дайын күйде тарасты.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *