16 күндік белсенді іс-қимылдар

Астана қаласы Полиция департаменті 21 қараша күні «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күндік белсенді іс-қимылдар» республикалық акциясы аясында кеңес өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дағдарыс орталықтарының өкілдері, сондай-ақ Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
«Психологиялық қолдау орталығы» атынан шараға орталық басшысы Г. К. Қапанова қатысты.

Кездесудің мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу шараларын талқылау, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, зардап шеккендерге психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ халықтың хабардарлығын арттыру болды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *