12 қараша күні Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ және «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы, «Байқоңыр» ауданының полиция басқармасы және кәмелетке толмағандармен жұмыс саласында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Құжаттың мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ балалар мен олардың отбасыларына психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету бағытында мемлекеттік органдар мен мамандар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.
Меморандумға қол қою жас ұрпақ үшін қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмыстың маңызды қадамы болып табылады.

