«Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» тақырыбында семинар өткізді

№87 МГ базасында 2 мамыр күні ПҚО психологтары жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына арнап «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға барлығы 40 ата-ана және психолог қатысты. Семинар барысында психологтар ата-аналарға балалардың психологиялық денсаулығын сақтау мен қолайлы даму ортасын қамтамасыз ету бойынша маңызды кеңестер берді. Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, баламен тиімді қарым-қатынас жасауға қатысты сұрақтарын қойып, Орталық психологтарынан кеңес алды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *