Астанада өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған «Қауіпсіз балалық шақ» тренингі өтті

2024 жылғы 13 маусымда Астана қаласының «Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-де «Қауіпсіз балалық шақ» атты тренинг өтті. Іс-шараны «Психологиялық қолдау орталығының» психологтары ұйымдастырды. Тренинг — мектепке дейінгі және ересек екі жас тобына арналды. Барлығы 36 бала қатысты.

Тренингтің мақсаты балалар арасында достықты, өзара көмек пен сыйластықты дамытуға ықпал ететін қолайлы, мейірімді атмосфераны құру болды. Белсенді ойындар, арт-терапия және топтық жаттығулар арқылы қатысушылар қарым-қатынас дағдыларын дамытып, командада жұмыс істеуге, бір-біріне сенуге және жағымды эмоцияларды білдіруге үйренді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *