2025 жылғы 1 маусымда елорданың Орталық саябағында Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының қолдауымен «Астана балалары» атты іс-шара өткізілді. ПҚО-ның 10 психологы балалар мен ата-аналарға арналған тренингтік жаттығулар, ойындар, ойын-сауық өткізді. Белсенді қатысқаны үшін балалар ПҚО-дан сыйлықтар алды. Сонымен қатар ата-аналар үшін психологтардың кеңес беру аймақтары ұйымдастырылып, жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігі туралы ақпараттық акция өткізілді. Ынтымақтастық аясында ПҚО-да тәжірибе өтіп жүрген ЕҰУ психология кафедрасының студенттері белсенді түрде қатысты. Балалар іс-шарадан көптеген жағымды эмоциялар алды, ал ата-аналар оң пікірлер қалдырды.

