Елімізде педагогикалық қызмет саласында жоғары біліктілік санаты бар 4 мыңға жуық «педагог-шебер» — мамандар бар

Елімізде педагогикалық қызмет саласында жоғары біліктілік санаты бар 4 мыңға жуық «педагог-шебер» — мамандар бар.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев педагог-шеберлермен кездесу өткізіп, оның аясында білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттары, оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ педагог кадрларды қолдау және кәсіби өсу мәселелері талқыланды. Қазақстанның үздік педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті, мақсатқа ұмтылыстарын көрсетті, әріптестеріне өзін-өзі жетілдіруге мотивация берді.

Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» басшысы, «педагог-шебер» практик психолог Г.К. Капанова қатысты. ПҚО педагогтеріне Орталық алдына қойылған мақсаттарды іске асыру шеңберінде біліктілік деңгейін арттырудың және кәсіби құзыреттілікті дамытудың маңыздылығы туралы ақпарат жеткізілді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *