17 сәуір күні ПҚО психологтары №51 МЛ базасында «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» атты семинар өткізді. Оған 38 ата-ана, 6 педагог қатысты. Психологтар тренинг сабақтарын өткізіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді әдістерімен бөлісті. Қатысушылар іс-шараның мазмұнды өткенін айтып, болашақта да жалғасуына ниет білдірді.

