2025 жылғы 16 сәуір күні №92 МЛ базасында «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлерінің ұйымдастыруымен Астана қаласының білім беру ұйымдарындағы директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен кураторларға арналған қалалық семинар өтті, семинарға 70 педагог қатысты.
Семинар барысында мұғалімдерге оқушылар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық салауаттылықты сақтау және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сондай-ақ қиын жағдайда қалған балаларға дер кезінде педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары бойынша ұсыныстар берілді.

