«Психологиялық қолдау орталығының» базасында 16 сәуір күні балабақша педагог-психологтарынан құралған шығармашылық топтың кездесуі өтті. Кездесуде психологтар өзара тәжірибе алмасып, психологиялық диагностика мен түзету жұмыстарының тиімді әдістерін талқылап, мониторинг критерийлерін әзірледі.
Мамандар балабақшалардың психологиялық-педагогикалық қызметіне мониторинг жүргізу тәсілдерін талқылады. Кездесу психологтардың кәсіби шыңдалуына, өзара қарым-қатынастың нығаюына ықпал етті.

