Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана

Психологиялық қолдау орталығы» психологтары 10 сәуір күні №50 МЛ 9-10 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» тақырыбында семинар өткізді, семинарға барлығы 11 ата-ана, 6 педагог қатысты.  

Семинар барысында ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді тәсілдері түсіндірілді, сондай-ақ есею кезеңінде жасөспірімдерді эмоционалды қолдаудың маңыздылығы атап өтілді. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, орталық мамандарынан жеке кеңестер алды.

Кездесу соңында ата-аналар жағымды әсерлерімен бөлісті және мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізілсе деген ниет білдірді, өйткені олар отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға ықпал етеді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *