4 сәуір күні әдістемелік көмек аясында, ПҚО психологтары №62 МЛ 9 сынып оқушыларына тренинг өткізді. Тренингке 16 оқушы қатысты.
Іс-шара барысында Орталық психологтары коммуникативтік дағдыларды, техниканы дамытуға, эмоцияларын басқаруға, жанжалдарды шешуге арналған жаттығулар өткізді. Балалар тренингке белсенді қатысып, оң пікірлерін қалдырды.

