Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана

3 наурыз күні ПҚО психологтары 9-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Қауіпсіз балалық шақ: қамқор ата-ана» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Аталмыш шара №19 ОМ, №41 ОМ, №13 ОМ, №52 МГ, және №45 ОМ мектептерінің базасында өтті.

 Орталық психологтары жасөспірімдердің даму ерекшеліктері туралы теориялық блок ұсынып, баланы сол қалпында «қабылдау» маңыздылығын атап өтті. Олар баланың физикалық және эмоционалдық әл-ауқатына құрметпен қарауға, эмпатияға және мұқият болуға негізделген тиімді қолдау әдістерімен бөлісті. Семинарға барлығы 202 ата-ана, 3 психолог, 42 педагог қатысты бұл шараның қоғамдағы маңыздылығы мен сұранысын көрсетеді.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *