11 шілде күні Астанада Қазақстан өңірлеріндегі ата-аналар Академиясының болашағы жобасына арналған диалогтық сессиясы өтті. Іс-шараға үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысып, қазіргі ата-аналардың қажеттіліктері, білім беру формалары және Академияны өңірлерде іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Сессияға Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскері Меруерт Тұрғалиқызы қатысып, орталықтың қызметімен таныстырып, ата-аналар мен балаларға кәсіби және қолжетімді психологиялық көмектің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында барлық құрылымдар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланып, жобаны іске қосудың жол картасы таныстырылды, қатысушылар ҚР бала тәрбиесіне тұрақты және инклюзивті қолдау көрсетуді дамыту бойынша негізгі ұсыныстарды әзірледі.

