Құқықбұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды

Астананың 24 мектебінде 18 қыркүйек күні Білім басқармасының бастауымен өтіп жатқан құқықбұзушылықтардың алдын алу бағдарламасы аясында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер ұйымдастырылды. Оған ПҚО әлеуметтік сүйемелдеу бөлімінің әдіскерлері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шаралар оқушылар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және көмек алу жолдарын көрсетуге бағытталды. Алдағы күндері Астананың басқа мектептерінде де кездесулер ұйымдастырылады.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *