16 қыркүйекте «Психологиялық қолдау орталығының» ұйымдастыруымен Астана қаласының педагог-психологтарына арналған «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында онлайн оқыту семинары өтті. Семинар ZOOM платформасында онлайн форматта өткізілді. Іс-шараға Астананың 200-ге жуық педагог-психологы қатысты. Іс-шараға қатысушыларды жұмыс барысымен ПҚО басшысы Г.Қ. Қапанова таныстырды. Семинар аясында педагог-психологтарға құжаттаманы жүргізуге қатысты әдістемелік көмек берілді. Кездесу барысында орталықтың негізгі қызмет бағыттары, педагог-психологтың құжаттамалық жұмысы, «HR+ автоматтандырылған мониторинг жүйесін» қолдану, жылдық жоспарды іске асыру, профилактикалық және диагностикалық жұмыстарды жүргізу мәселелері қарастырылды.

