11 қыркүйек №97 МГ базасында ата-аналарға арналған «Отбасы – құқық бастауы» тақырыбында «BasQaru» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен тренинг өтті. Іс-шараға ПҚО басшысының орынбасары А.С. Баранбаева және психологиялық сүйемелдеу бөлімінің басшысы Э.К. Кошаналиева қатысып, жиналған қауымды орталықтың жұмысымен таныстырды. Бағдарлама аясында спикерлер бала құқықтары мен ата-ананың заң алдындағы жауапкершілігі мәселелерін талқылады. Тренингтің басты мақсаты – Мемлекет басшысы тамыз конференциясында атап өткен «Мектептен тыс баланың тәрбиесіне ата-ана жауапты» деген қағиданы түсіндіру және ата-аналардың құқықтық мәдениет деңгейін көтеру болды.

