9 қыркүйекте Астана қаласының 24 мектебінде 8-11 сынып оқушыларының прокуратура, полиция департаменті мен әкімдік өкілдерімен, сондай-ақ ПҚО психологтары мен әдіскерлерімен құқықбұзушылықтың алдын алу бағдарламасы аясында кездесулері өтті.
Кездесу барысында құқықтық сана-сезімнің, салауатты өмір салтының маңыздылығы және өмірдегі күрделі жағдайларда көмек сұрай білу қажеттігі талқыланды. Психологтар кәсіби қолдауға жүгіну мүмкіндіктері мен жеке және психологиялық қиындықтарды шешу жолдары туралы айтып өтті. Мұндай іс-шаралар жасөспірімдердің өз құқықтарын жақсырақ түсінуіне, жауапты шешімдер қабылдауына және өз мәселелері туралы ашық айтуға қорықпауына көмектеседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кездесулер жалғасып, елорданың тағы да көп мектептерін қамтитын болады.

