Жаңа оқу жылына дайындық аясында 25-26 тамыз күндері ПҚО-да Астана қаласының балабақша және мектеп психолог-педагогтерінен құралған шығармашылық топ мүшелерінің отырысы өтті.
Кездесу барысында практик-психологтар психологиялық қызметтің алдағы жұмысының бағыттарын және 2025-2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылады. Жоспарлау кезінде балалардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға бағытталған профилактикалық шараларға баса назар аударылды. Мектеп психологтарының жұмысында «Өркен» БӘААҰҒПИ мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің БҚҚК ұсынған диагностикалық әдістемелер кешеніне ерекше көңіл бөлінді.

