Тамыз конференциясы: Балаларды психологиялық қолдау — басым бағыт.

2025 жылғы 19 тамызда Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында ата-аналарға, педагог-психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Смарт ұлттың трансформациясы жағдайындағы баланың жеке тұлғалық өсу ресурсы ретінде үйлесімді менторлық» атты тамыз конференциясының секциясы өтті. Іс-шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің, Балалар құқықтарын қорғау комитетінің, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері, сондай-ақ еліміздің түрлі өңірлерінен келген педагогтер, психологтер, ата-аналар мен сарапшылар қатысты. Секцияның модераторы ретінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды психологиялық қолдау басқармасының басшысы Қозкеева Р.А. сөз сөйледі. Конференция қатысушыларына спикерлердің мазмұнды баяндамалары ерекше әсер қалдырды: Астана қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина Асима Темкеновна, Әкелер одағы төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, отбасы психологі, «OTBASY ACADEMY» компаниясының жетекшісі Ержан Мырзабаев, Түркия, Аланья қаласынан келген халықаралық гештальт-психолог Лейла Мирас, сондай-ақ «Nomad» НЗМ дебат клубының мүшесі, №67 мектеп-гимназиясының оқушысы Ернұр Ескермес баяндама жасады. Пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар өз жұмысын үш секцияда жалғастырды, секциялар коучинг, отбасы құндылықтары және әлеуметтік-педагогикалық қолдау тақырыптарын қамтыды. Секцияларда спикерлер ретінде келесі мамандар сөз сөйледі: педагогика ғылымдарының кандидаты, педагог-ардагерлер кеңесінің төрайымы Құрманбаева М.Ж., Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ББ «Психологиялық қолдау орталығы» КММ басшысы Качалкина Н.В., Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Айжан Мағауя, «Codo» ЖШС директоры Қуанышбекова Е.К., Астана қаласы Психологиялық қолдау орталығының психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Кошаналиева Э.К. Спикерлер табысты тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи сын-қатерлерді бірлесе қарастырып, практикалық ұсынымдар әзірледі. Іс-шара соңында ашық пікірталас өтіп, алғыс хаттар табысталды және музыкалық тартулар ұсынылды. Ата-аналар мен мамандар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және талқыланған тақырыптардың өзектілігін атап өтті. Іс-шара отбасы, мектеп және психологиялық қолдау жүйесі арасындағы өзара іс-қимылды нығайтудың маңызды қадамы болды.

Share your love

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *