15 тамыз күні Астанада дәстүрлі Республикалық Тамыз конференциясы өз жұмысын бастады. Биылғы жиын «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналды.
Конференцияға Мемлекет басшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Жиын барысында Президент:
«Мұғалім – ел болашағын қалыптастырудағы негізгі тұлға», — деп атап өтті.
Президент ұстаздардың күнделікті еңбегі арқылы ұлттың дамуына өлшеусіз үлес қосып, жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратынын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы білім беру саласындағы айрықша еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін ҚР үздік педагогтарына мемлекеттік наградалар табыстады. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған үздік ұстаздар тәжірибе алмасу үшін бас қосты. Іс-шараға сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» жетекшісі Қапанова Г.К. қатысты.

