26 қыркүйек күні №59 мектеп-лецейінде Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ «Әлеуметтік – педагогикалық сүйемелдеу» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас әлеуметтік педагогтар мектебі» шеңберінде «Балалармен жұмыс істеудегі әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттары» атты оқыту семинары болып өтті.
Семинардың мақсаты – әлеуметтік педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру және балалармен жұмыс жасау тиімділігін арттыру болды. Іс-шараға Астана қаласының мектептерінен 20-дан астам жас әлеуметтік педагогтар қатысып, тәжірибе алмасып, тың әдіс-тәсілдермен танысты. Семинар барысында қатысушыларға әлеуметтік педагог қызметінің негізгі бағыттары, сонымен қатар әлеуметтік педагог істері номенклатурасының ұсынылатын тізбесінің жалпы түсінігі, 506 бұйрыққа сәйкес буллингтің алдын алудағы әлеуметтік педагогтың рөлі жайлы айтылды.
Семинар соңында әлеуметтік педагогтар өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіре отырып, балалармен жұмыс істеудегі жұмыс тәсілдерін жаңарту мүмкіндіктерін алды.

