2024 жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығының» КММ әдіскері Хамзина К.М. Астана қ. Менеджмент, бизнес және білім колледжінде «Біз — бір командамыз» тақырыбында ТжКБ педагог-психологтары мен 1-курс студенттеріне арналған оқыту тренингін өткізді. Тренингке 20 студент қатысты.
Өткізілген іс-шара колледж студенттеріне оң әсер қалдырды, бұл студенттік ұжымның дамуына, оның бірігуіне, сондай – ақ педагогтер мен студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға үлкен ықпал етері сөзсіз. Семинар соңында студенттер тренинг туралы өз пікірін білдірді. Тренинге қатысқан педагог-психологтар өзара іс-қимылдың жоғары нәтижелілігі мен тиімділігін атап өтті.

