«Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлерінің 19-қыркүйек күнгі кезекті кездесу №70 МЛ 1 сынып балаларының ата-аналарына арналды, жалпы 35 ата-ана қатысты. Кездесу барысында орталық әдіскерлері мектепке алғаш қадам басқан балалардың эмоциялық күйі мен психологиялық қажеттіліктері туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ПҚО психологтары ата-аналар мен баласына қолдау көрсету үшін қажетті дағдылар мен тәсілдермен бөлісті, балаға тыңдауды, позитивті ынталандыруды және бірлескен әрекеттерді ұйымдастырудың маңызы екенін атап өтті.
Психологтар ата-аналарға нақты жағдайлар бойынша кеңес беріп, баланың мектептегі өмірі мен қолайлы бейімделуіне әсер ететін факторларды анықтауға көмектесті. Ата-аналар кездесуге белсене қатысып, әдіскерлерге өз алғыстарын білдірді.

