13 қыркүйек күні №2 МГ «Психологиялық қолдау орталығының» әдіскерлері мен психологтары «Бірінші сынып оқушыларының бейімделу кезеңінде ата-аналарға психологиялық қолдау» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізді.
Ата-аналармен кездесуді ПҚО басшысы Капанова Г.К., бастап, орталықтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырды, сондай-ақ ПҚО психологтарынан тегін кеңес алу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Кездесу барысында әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Исабекова А.К., ата-аналарға мектепке жаңадан келген бірінші сынып оқушыларының эмоционалдық және психологиялық бейімделуінде туындайтын қиындықтарды түсіндірді. Әдіскерлер Қошқарбаева С.С. және Абрамова О.А., баланың оқу процесіне тиімді ықпал ету үшін ата-аналардың рөлі ерекше маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Кошаналиева Э.К., және психолог Қалдан А.Ж. «Ата-ана бала рөлінде» атты психологиялық жаттығулар өткізді.
Кездесу соңында ата-аналар өздерінің сұрақтарына жауап алып, оң пікірлер қалдырды.

