6 қыркүйек 2024 жылы «Өркен» БӘАҰҒПИ ұйымдастыруымен ZOOM платформасында психологиялық қолдау орталықтарының өкілдеріне арналған вебинар болып өтті. Вебинарға ҚР 20 өңірінің психологиялық қолдау орталықтарының басшылары мен мамандары қатысты. Вебинар барысында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» КММ психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Кошаналиева Э.К., білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуде психологтердің білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдарымен өзара іс-әрекеті жайлы айтып өтті.

