2024 жылдың 5 қыркүйегінде Білім басқармасының қолдауымен, «Психологиялық қолдау орталығы» ата-аналар қоғамымен, ағартушылық жұмыс шеңберінде, ата-аналарда жиі кездесетін сұрақтарға жауап берді. «Хабар» агенттігінің «Оян!» ақпараттық-танымдық-көңілашар бағдарламасының «Психологиялық кеңес» айдарына ПҚО психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Қошаналиева Э.Қ. қонаққа шақырылды.
Элеонора Қайратқызы практик-психолог ретінде, 1-ші сынып оқушыларының мектепке бейімделу кезеңі туралы, бала өміріне гаджеттердің әсері жайлы және жеткіншектерге дұрыс тәрбие беру жөнінде ұсыныстар айтып өтті. Сондай-ақ, ата-аналарға елорданың 5 ауданындағы кабинеттер жанындағы «Психологиялық қолдау орталығы» базасында тегін консультациялық психологиялық көмек алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді.
Толық ақпаратты әрбір ата-ана бір аптаның ішінде тікелей эфирде Хабар телеарнасы «Оян!» бағдарламасындағы «Психологиялық кеңес» айдарынан көре алады.

