Бүгінгі қауырт заманда жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтап жүру біреудің қолынан келсе, енді бірінің қолынан келе бермесі һақ. Осыған орай 29 қазан күні «Психологиялық қолдау орталығы» психологтары №104 орта мектеп педагогтарына арнап тренинг ұйымдастырған болатын, аталмыш шараға барлығы 57 педагог қатысты.
Бұл шараның мақсаты – ұстаздардың психоэмоционалды жағдайын жақсартып, кәсіби және жеке өмірлеріндегі тепе-теңдікті ұстай білу дағдыларын дамыту. Семинар барысында қатысушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады, психологтар стрессті басқару әдістерімен, демалыс уақытын тиімді пайдалану тәсілдерімен бөлісті. ПҚО психологтары әдістемелік көмек шеңберінде мұндай іс-шараларды жас педагог-психологтар жұмыс істейтін барлық мектептерде өткізуді жоспарлап отыр.

