2024 жылдың 29-шы қазан күні №97 мектеп-гимназиясында Астана қаласы әкімдігінің «Психологиылық қолдау орталығы» КММ «Буллингтің алдын алу бойынша алдын алу іс-шараларының белсенді қызметі және үйлестіру» тақырыбында мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған қалалық семинар өткізді. Барлығы 54 педагог қатысты.
Семинарды ПҚО басшысы Капанова Г.К ашып, буллингтің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды үйлестіру тәсілдері және «Мобильдік топтардың» жұмысы туралы айтып өтті. жиналған педагогтарға «Буллингтің алдын алу бойынша алдын алу іс-шараларының белсенді қызметі және үйлестірудің» жолдарын және де «Мобильді топтардың жұмысына» тоқталып өтті. Сондай-ақ, семинарда ПҚО басшысының орынбасарлары Ибрагим М.Б., Баранбаева А.С. «Буллинг түрлері, қауіп-қатерлер» және «Буллингтің алдын алу шаралары» тақырыбында сөз сөйледі. Семинар барысында тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар балалардан сұрау түскен кездегі іс-қимыл алгоритмдерімен және әрбір балаға көмек шеңберінде жұмыс істеу тәсілдерімен танысты.

